«Imbir Thai Spa Classic» тай массажы мен СПА-рәсімдері салондарында Сыйлық сертификаттарын
сатып алу, пайдалану және қайтару ережелері
Осы ережелер www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) көрсетілген «Imbir Thai Spa Classic» тай массажы мен СПА-рәсімдері салондарында (бұдан әрі – Салон) Сыйлық сертификаттарын сатып алу, пайдалану және қайтару тәртібін реттейді және ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
- Терминдер мен анықтамалар:
- Сыйлық сертификаттарын сатып алуға өтінім – Сатып алушының Сатушыға (www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) немесе WhatsApp мессенджері арқылы, www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) көрсетілген мекенжайлар бойынша Салондарда) Сыйлық сертификаттарының санын және номиналын көрсете отырып жасайтын өтініші.
- Сатушы – «Imbir Group» ЖШС.
- Сатып алушы – Сыйлық сертификатының құнын қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер.
- Қызметтер – www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) ұсынылған, денені түрлі әдістемелердің көмегімен тазарту мен демалдыруға бағытталған СПА рәсімдері (хаммам, сауна, (тазартатын) пилингтер, сабынды скрабтау, шоколадты орау, денеге СПА күтім жасау, дененің медициналық емес массажы), олар күйзелісті басуға, сау көрініске ие болуға және олардан рахат алуға көмектеседі.
- Сыйлық сертификаты – Сатушы өз қалауы бойынша нысанда (қағаз/электрондық) шығаратын, бірегей деректемелерді (жеке нөмірді), сондай-ақ бағдарламаның атауын (Қызметті, оның ұзақтығын, адам санын) немесе номиналды (Сатып алушы төлеген Қызметтердің құнын), қолданылу мерзімін, Салон мекенжайларын және т.б. қамтитын, оның иесінің (Сертификат ұстаушысының) Салонда сертификатта көрсетілген номиналдық құнға тең сомаға Қызметтер алу құқығын куәландыратын дербестендірілген құжат.
- Сыйлық сертификатын ұстаушы – Сыйлық сертификатын Сатушыдан сатып алу немесе оны Сатып алушыдан алу нәтижесінде иеленетін әрекетке қабілетті жеке тұлға.
- Сыйлық сертификатының номиналы – Сатушы айқындайтын мөлшердегі және Шарттың жасалғанын растау үшін Сатып алушы енгізген ақшалай қаражат. Сыйлық сертификатының номиналы сертификатта көрсетіледі.
- Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі – ол ішінде Сатып алушы/Сыйлық сертификатын ұстаушы оны Салонның Қызметтерін алу үшін пайдалануға құқылы уақыт кезеңі. Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі сертификаттың өзінде көрсетіледі және Сатушыға төлем енгізілген күннен басталады.
- Касса чегі (бақылау-касса машиналарының (БКМ) чегі) – Сатушы мен Сатып алушы арасында ақшалай есеп айырысу жүзеге асырылғаны фактісін растайтын БКМ-нің бастапқы есепке алу құжаты. Касса чегі қағаз немесе электрондық түрде беріледі. (Ақшалай есеп айырысу деп Салонның кассасына қолма-қол ақшамен, электрондық төлем құралдарының көмегімен немесе Сатушының есеп айырысу шотына банктік аударым немесе Сатып алушының банк картасынан ақша қаражатын есептен шығару туралы өкім арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен, сондай-ақ мобильдік төлемдермен жүзеге асырылатын есеп айырысулар түсініледі.)
- Жалпы ережелер
- Сыйлық сертификаты Сатып алушыға оны толық төлеу шартымен беріледі және www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) көрсетілген Сатушының Салондарында пайдаланылуы мүмкін.
- Сатушы Сатып алушыдан Сыйлық сертификатының Номиналына тең ақшалай қаражатты қабылдауға, Сыйлық сертификаты мен касса чегін беруге және оның Номиналын Салонның Қызметтерін төлеу есебіне есептеуге міндеттенеді, ал Сатып алушы Сатушыға Сыйлық сертификатының Номиналына тең ақшалай қаражатты енгізуге және Сыйлық сертификатын Жария шарттың (офертаның) және осы Ережелердің талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
- Сатушы Сатып алушы ұсынатын ақпараттың дұрыстығын тексермейді, оның дәлдігі мен дұрыстығы үшін үшінші тұлғалар алдында жауап бермейді, оған қоса мұндай ақпаратты жеке деректер ретінде бағаламайды. Бұл ретте Сатып алушы Сатып алушыға Сыйлық сертификатын беру және Сатып алушыны Салонның қызметтері туралы хабардар ету үшін мұндай беру қажет болған жағдайларда тіркеу деректерін үшінші тұлғаларға өңдеуге және беруге өз келісімін береді.
- Сыйлық сертификаттарын сатып алу және пайдалану тәртібі
- Сатып алушы Сыйлық сертификаттарын www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) оларды сатып алуға Өтінімді толтыру арқылы, www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) көрсетілген Орындаушының өзге де мессенджерлері мен әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) көрсетілген мекенжайлар бойынша Салондарда Өтінімсіз сатып ала алады.
- Сыйлық сертификаты Сатып алушыға толық төлемнен кейін, таңдау бойынша: қағаз немесе электрондық түрде беріледі. Сыйлық сертификаты берілгеннен кейін оны бір түрден екіншісіне ауыстыру мүмкін емес.
- Сыйлық сертификатын Сатып алушы кез келген жеке тұлғаға бере алады.
- Сыйлық сертификатын Сатып алушы Сыйлық сертификаты берілетін тұлғаға (Сертификат ұстаушысына) осы Ережелердің, сондай-ақ Сатушының Жария офертасының ережелерін жеткізуге міндетті.
- Егер Сатып алушы қағаз Сыйлық сертификатында көрсетілген Сертификат ұстаушысының дербестендірілген деректерін ауыстыруды (оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері сақталған (ол бойынша қызметтер алынбаған), жеке нөмірі сақталған жағдайда) және Сертификат ұстаушысының басқа деректерімен жаңа Сыйлық сертификатын беруді сұраса, Сатып алушы Сатушыға қағаз Сыйлық сертификатын ауыстырғаны үшін 2 000 (екі мың) теңге төлейді. Бұл ретте Сыйлық сертификаты Сатушыға оны Сатушының базасында өтеу және жою үшін беріледі.
- Электрондық Сыйлық сертификатында көрсетілген Сертификат ұстаушысының дербестендірілген деректерін өзгерту мүмкін емес.
- Сыйлық сертификаты Сыйлық сертификатында көрсетілген оның қолданылу мерзімі ішінде пайдаланылуы мүмкін.
- Сыйлық сертификаты оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін жарамсыз болып саналады.
- Егер Сыйлық сертификаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін пайдаланылмаса, Салонның Қызметтерін Сыйлық сертификатымен төлеу, сондай-ақ Сатып алушыға ақша қаражатын Қайтару мүмкін емес.
- Ерекше жағдайларда (дәлелді себептер болған кезде), Сатушының қалауы бойынша, Сыйлық сертификаты оның Ұстаушысы оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайдаланылуы мүмкін.
- Салонның Қызметтерін төлеу Сыйлық сертификатының номиналы шегінде тек оны көрсеткен кезде (оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері сақталған (ол бойынша қызметтер алынбаған), жеке нөмірі сақталған жағдайда) жүзеге асырылады.
- Сыйлық сертификатының Номиналын Сатушы Сатып алушы Сатушыдан сатып алатын Қызметтерді төлеу есебіне мынадай шарттарды сақтай отырып есептей алады:
- Сыйлық сертификатының Номиналынан аз сомаға Қызметтерді сатып алған жағдайда, Қызметтердің құны сомасы мен Сыйлық сертификатының Номиналы арасындағы айырма Сатып алушыға Салондағы Сертификат ұстаушысының балансына есептеледі және кейінгі барған кездерде пайдаланылуы мүмкін (сыйлық сертификатының бүкіл номиналы таусылғанша);
- Сыйлық сертификатының Номиналынан асатын сомаға Қызметтерді сатып алған жағдайда, Қызметтердің құны сомасы мен Сыйлық сертификатының Номиналы арасындағы айырманы Сатып алушы және/немесе Сыйлық сертификатын Ұстаушы Салонның кассасына қолма-қол ақша қаражатын енгізу арқылы немесе банктік аударым немесе Сатып алушының және/немесе Сыйлық сертификатын Ұстаушының банк картасынан ақша қаражатын есептен шығару туралы өкім арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, сондай-ақ мобильдік төлемдермен қосымша төлейді. - Сыйлық сертификатын пайдалана отырып Қызметті төлегеннен кейін Сыйлық сертификаттары Сатушының базасында өтеледі және оларды одан әрі (қайталап) пайдалану мүмкін емес (қағаз сертификатты Салон алып қояды).
- Егер Сертификат ұстаушысы кәмелетке толмаған тұлға болса, оған қызмет көрсету ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) ілесіп жүруімен мүмкін болады.
- Сертификат ұстаушысы (Сатып алушы) Жария шарт (оферта) бойынша және осы Ережелер бойынша өз құқықтарын кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлғаға өз Сыйлық сертификатын табыс ету арқылы беруге құқылы. Сыйлық сертификаты табыс етілген тұлға Жария шарттан (офертадан) және осы Ережелерден туындайтын барлық құқықтары мен міндеттерімен Сертификат ұстаушысы мәртебесіне ие болады.
- Сыйлық сертификатын бере отырып, Сертификат ұстаушысы (Сатып алушы) Сыйлық сертификатының жаңа Ұстаушысын осы Ережелердің, сондай-ақ Сатушының Жария офертасының ережелерімен таныстыруға, оның ішінде олардың танысуға арналған орналасқан жерін (Сатушының сайтын) хабарлауға міндетті.
- Сатушы Сыйлық сертификатын үшінші тұлғалардың Сатып алушының хабарынсыз немесе еркіне қарсы пайдалануы үшін жауап бермейді.
- Сыйлық сертификатының оның Ұстаушысында болуы Сатушы үшін Ұстаушыда оны өз қалауы бойынша пайдалану құқықтарының бар екендігінің жеткілікті дәлелі болып табылады.
- Сатушы мынадай жағдайларда Сертификат ұстаушысына Қызметтер көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады:
- егер осы қызметті Сертификат ұстаушысына көрсету заңға қайшы келсе;
- егер Сатып алушы немесе Сертификат ұстаушысы алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық немесе өзге де мас күйінде болса, әдепсіз сөйлесе және Салондағы Мінез-құлық ережелерін бұзса, сондай-ақ мінез-құлқы Салон қызметкерлерінің және басқа келушілердің абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін тұлғаларға, Салонға мүліктік залал келтірген тұлғаларға;
- егер Сатып алушыда/Сертификат ұстаушысында Қызметтер көрсетуге қарсы көрсетілімдер болса.
- Зақымдалған Сертификаттар немесе түпнұсқалығына Сатушыда күмән туындаған сертификаттар (оның ішінде жеке нөмір ішінара немесе толық болмаған кезде) төлеуге және ауыстыруға қабылданбайды.
- Сатушы Сатып алушының Сыйлық сертификаттарын жоғалтқаны, Сатып алушы алған Сыйлық сертификаттарын санкцияланбаған көшіргені немесе ұрлағаны үшін жауап бермейді.
4. Сыйлық сертификатын қайтару және ауыстыру
- Сыйлық сертификаты үшін ақша қаражатын қайтару, егер оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері сақталса (ол бойынша қызметтер алынбаса), жеке нөмірі, сондай-ақ Сыйлық сертификатының сатып алынғаны фактісін растайтын құжат сақталса, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде және шарттарда және олар қандай тәсілмен енгізілсе, сол тәсілмен жүргізіледі:
- сатып алу қолма-қол ақшамен төленсе, қолма-қол ақшамен,
- төлем қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілсе, есеп айырысу шотына аудару арқылы (заңды тұлғалар үшін),
- төлем жүзеге асырылған банктік төлем картасының иесіне аудару арқылы (жеке тұлғалар үшін).
- Сыйлық сертификаты үшін ақша қаражатын қайтару мыналардың негізінде рәсімделеді:
1) белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініш (осы Ережелерге № 1 қосымша),
2) сертификаттың түпнұсқасы,
3) төлем фактісін растайтын құжаттың (касса чегінің) түпнұсқасы, олар салық органдары алдында әрекеттердің заңдылығын растайды.
- Фискалдық (касса) чегінің түпнұсқасы (төлем фактісін растайтын құжат) Сатып алушының өтінішімен, сертификаттың түпнұсқасымен және төлем фактісін растайтын құжаттың (касса чегінің) түпнұсқасымен бірге салық төлеушіде 5 (бес) жыл сақталады (ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 13-бабы 3-тармағының 5) тармақшасының талаптарына сәйкес).
- Банктік төлем картасымен төленген Сыйлық сертификаты үшін төленген ақша қаражатын қайтару үшін қайтаруға өтініш төлем жүзеге асырылған банктік төлем картасының иесінен, Ережелердің 4.2-тармағында аталған құжаттарды қоса бере отырып қабылданады. Қайтару Сатып алушының осы картасына жүзеге асырылады. Банктік төлем картасының иесі төлем өткен картаны ұсынуы қажет. Бұл карта деректерді салыстыру үшін керек. Оны POS-терминал арқылы өткізеді және ақшаны қайтару туралы чек береді, оны ақша түскенге дейін сақтау қажет. Ақша қаражатын аудару мерзімі 3–5 күнге дейін (осы төлем картасына қызмет көрсететін банк шарттарына байланысты).
- Осы Ережелердің 4.1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, Сыйлық сертификаты Сатып алушыға ақша қаражатын қайтара отырып Сатушыға қайтарылуға жатпайды. Сыйлық сертификаты кез келген жағдайда басқа сертификатқа ауыстырылуға жатпайды.
- Сатып алушының Сыйлық сертификатын Сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі ішінде пайдаланбауы фактісі Сатып алушының Қызметтердің құнының бір бөлігін Сыйлық сертификатының Номиналы есебінен төлеу шартымен Қызметтерді сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартуын білдіреді, сондай-ақ мыналарға әкеледі:
- Сыйлық сертификатына «Қолданылу мерзімі өтті» мәртебесін беруге;
- Сатушының Сыйлық сертификатын пайдалануға байланысты Сатып алушыға қатысты міндеттемелерін тоқтатуға;
- Сатып алушы Сыйлық сертификатын алу кезінде Сатушыға берген ақша қаражатын Сатушының табысы деп тануға. - Сыйлық сертификаты жоғалған жағдайда (жоғалту, ұрлау, бірегей деректемелердің (жеке нөмірдің) зақымдалуы) Сыйлық сертификаты қалпына келтірілмейді және оны сатып алуға жұмсалған ақша қаражаты қайтарылмайды.
«Imbir Thai Spa Classic» тай массажы мен СПА-рәсімдері салондарында
Сыйлық сертификаттарын сатып алу, пайдалану және
қайтару ережелеріне № 1 қосымша
(Жеке тұлғалар мен ЖК үшін) «Imbir Group» бас директорына
(қала ___________________,
Салон мекенжайы ________________________)
Кімнен __________________________
__________________________
сатып алушының Т.А.Ә.
__________________________
ЖСН
__________________________
құжат, сериясы, нөмірі
__________________________
берілген
__________________________
__________________________
мекенжайы және телефон нөмірі
ҚАЙТАРУҒА ӨТІНІШ
202__ жылғы «__» ____________ мен сіздің салоныңызда _______________________________________ қызметіне ____________________________ /жазбаша ______________________________________________________/ теңге құнымен сертификат сатып алдым, сертификат нөмірі _________________, фискалдық чек № _____________________.
Аталған сертификатты қабылдап, ол үшін төленген ақшаны ___________ /санмен/ _____________________________________ /жазбаша/ теңге сомасында маған қайтаруды сұраймын.
Қайтару себебі _____________________________________________________________.
БАС ӘРІПТЕРМЕН ТОЛТЫРЫЛСЫН | ||
Т.А.Ә. | ||
ЖСН | ||
Банктің атауы | ||
БСК | ||
Есеп айырысу шоты (ЖСК, 20 таңба) |
Осы өтінішке қоса беремін:
- Сертификаттың түпнұсқасы.
- Сертификатты сатып алуды растайтын құжаттың түпнұсқасы (касса чегі).
Осы өтінішке қол қою арқылы «Imbir Group» ЖШС-ге ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес сертификатты қайтаруды рәсімдеу мақсатында менің жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін. Деректердің дұрыстығын растаймын.
Қолы _______________ Сатып алушының Т.А.Ә. __________________________
202__ жылғы «___» __________
(Заңды тұлғалар үшін) «Imbir Group» бас директорына
(қала ___________________,
Салон мекенжайы ________________________)
Кімнен __________________________
__________________________
Сатып алушының атауы
__________________________
БСН
__________________________
басшының Т.А.Ә.
__________________________
__________________________
мекенжайы және телефон нөмірі
ҚАЙТАРУҒА ӨТІНІШ
202__ жылғы «__» ____________ ________ сіздің салоныңызда _______________________________________ қызметіне ____________________________ /жазбаша ______________________________________________________/ теңге құнымен сертификат(тар) сатып алынды, сертификат(тар) нөмірі _________________, фискалдық чек № _____________________.
Аталған сертификат(тар)ды қабылдап, ол үшін төленген ақшаны _____________ /санмен/ _____________________________________ /жазбаша/ теңге сомасында қайтаруды сұраймыз.
Қайтару себебі _____________________________________________________________.
БАС ӘРІПТЕРМЕН ТОЛТЫРЫЛСЫН | ||
Т.А.Ә. | ||
ЖСН | ||
Банктің атауы | ||
БСК | ||
Есеп айырысу шоты (ЖСК, 20 таңба) |
Осы өтінішке қоса беремін:
- Сертификат(тар)дың түпнұсқасы.
- Сертификатты сатып алуды растайтын құжаттың түпнұсқасы (касса чегі).
Осы өтінішке қол қою арқылы «Imbir Group» ЖШС-ге ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес сертификатты қайтаруды рәсімдеу мақсатында менің жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін. Деректердің дұрыстығын растаймын.
Басшының қолы _______________
202__ жылғы «___» __________
