Құпиялылық және жеке деректерді өңдеу саясаты
Осы Құпиялылық және жеке деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – Саясат) «Imbir Thai Spa Classic» тай массажы мен СПА-рәсімдері салондарында СПА-рәсімдерін көрсету және Сыйлық сертификаттарын сатып алу бойынша жария шарт жасасу туралы Жария офертаның (бұдан әрі – Оферта) ажырамас бөлігі болып табылады, www.imbir.kz Сайты (оның бөлімдері мен қосалқы домендері) Пайдаланушысының барлық ақпаратына, оның ішінде жеке деректеріне қатысты қолданылады және «Imbir Group» ЖШС қабылдайтын жеке деректерді жинау, өңдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының тәртібін айқындайды.
«Imbir Group» ЖШС (бұдан әрі – Оператор) өз қызметін жүзеге асырудың аса маңызды мақсаты мен шарты ретінде адам мен азаматтың жеке деректерін өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия құқықтарын сақтауды қояды.
Осы Саясат Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына негізделеді және Оператор www.imbir.kz Сайты (оның бөлімдері мен қосалқы домендері) Пайдаланушысы туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.
Осы Саясаттың қолданыстағы редакциясы www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) тұрақты түрде қолжетімді.
Өңделетін барлық Жеке деректер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құпия, қатаң қорғалатын ақпарат болып табылады.
Терминдер мен анықтамалар:
Жеке деректері бар дерекқор операторы (бұдан әрі – Оператор) – жеке деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға.
Жеке деректер субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – жеке деректер қатысты болатын жеке тұлға.
Жеке деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, солардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке деректер субъектісіне қатысты мәліметтер.
Жеке деректерді жинау – жеке деректерді алуға бағытталған әрекеттер.
Жеке деректерді өңдеу – жеке деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер.
Жеке деректерді автоматтандырылған өңдеу – жеке деректерді есептеу техникасы құралдарының көмегімен өңдеу.
Жеке деректерді тарату – жеке деректерді белгісіз тұлғалар тобына ашуға бағытталған әрекеттер.
Жеке деректерді ұсыну – жеке деректерді белгілі бір тұлғаға немесе белгілі бір тұлғалар тобына ашуға бағытталған әрекеттер.
Жеке деректерді бұғаттау – жеке деректерді жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі әрекеттер.
Жеке деректерді жинақтау – жеке деректерді жеке деректері бар дерекқорға енгізу арқылы жүйелеу жөніндегі әрекеттер.
Жеке деректері бар дерекқор (бұдан әрі – Дерекқор) – Пайдаланушының реттелген Жеке деректерінің жиынтығы.
Жеке деректерді сақтау – Жеке деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер.
Жеке деректерді қорғау – осы Саясатта белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар кешені, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар.
Жеке деректерді жою – нәтижесінде Жеке деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын әрекеттер.
Жеке деректердің қауіпсіздігін бұзу – берілетін, сақталатын немесе өзгеше түрде өңделетін жеке деректердің заңсыз таратылуына, өзгертілуіне және жойылуына, санкцияланбаған таратылуына немесе оларға санкцияланбаған қол жеткізуге әкеп соққан жеке деректерді қорғауды бұзу.
Жалпы ережелер
- Саясат жеке деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою бойынша кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығын, сондай-ақ жеке деректерді қорғауға қойылатын іске асырылатын талаптар туралы мәліметтерді айқындайды.
Пайдаланушы туралы жеке деректерді жинау мақсаттары
- Жеке деректерді Оператор мынадай мақсаттарда өңдейді:
– жеке деректерді өңдеу заңдылығын сақтау;
– Пайдаланушыны www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) орналастырылған «Imbir Thai Spa Classic» тай массажы мен СПА-рәсімдері салондарында (бұдан әрі – Салон) СПА-рәсімдерін көрсету және Сыйлық сертификаттарын сатып алу бойынша жария шарт жасасу туралы Жария офертаға қосылу үшін сәйкестендіру;
– Пайдаланушымен кері байланыс орнату, оның ішінде Оператордан Салон Қызметтеріне Өтінімді/Жазылуды өңдеуді пайдалануға қатысты хабарламаларды, СМС хабарламаларды, сұрауларды жіберумен шектелмей;
– Қызметтерді көрсетуді бастау үшін қажетті, Пайдаланушы ұсынған деректердің толықтығын растау;
– www.imbir.kz Сайтын (оның бөлімдері мен қосалқы домендерін) пайдалануға байланысты мәселелер туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету;
– Салонның Клиенттері болып табылатын азаматтардың жеке деректерін өңдеу және қорғау тәртібін айқындау жөніндегі заңнама талаптарын орындау;
– Салонның адалдық бағдарламаларын, маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияларын, зерттеулерін, сауалнамаларын ұйымдастыру және өткізу мақсатында;
– Салонның Клиенттерімен түрлі байланыс құралдарының көмегімен тікелей байланыс орнату арқылы Салон қызметтерін нарықта ілгерілету, оның ішінде мыналармен шектелмей: телефон арқылы арнайы хабар алмасу бағдарламаларын пайдаланумен, смс-хабарламаларды тарату және өзге де тыйым салынбаған тәсілдермен;
– өзге де заңды мақсаттарда.
Жеке деректерді өңдеудің құрамы, тәртібі мен мерзімдері
- Оператор мынадай жеке деректерді өңдей алады: тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірлері, туған күні.
- Оператор өңдейтін барлық жеке деректер заңнамаға сәйкес құпия, қатаң қорғалатын ақпарат болып табылады.
- Жеке деректерді өңдеу және сақтау ҚР заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес Оператор қызметін тоқтатқанға дейін немесе www.imbir.kz Сайты (оның бөлімдері мен қосалқы домендері) таратылғанға дейін (қай оқиға кейінірек басталуына байланысты) жүзеге асырылады.
- Жеке деректерді сақтау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай Жеке деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады. Оператор Жеке деректерді қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
- Оператор Жеке деректерді ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
- Оператордың Жеке деректерді Пайдаланушының келісімінсіз құқық қорғау органдарына, соттарға және ҚР өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына олардың дәлелді сұрауы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген өзге де жағдайларда беруге құқығы бар.
- Қалған жағдайларда жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру тек жеке деректер субъектісінің келісімімен және тек жеке деректер субъектісі алдындағы міндеттерді орындау мақсатында ғана мүмкін болады.
Жеке деректерді жинау, сақтау, беру және өңдеудің өзге де түрлерінің тәртібі
- Жеке деректерді өңдеу автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілмен жүреді.
- Автоматтандыру құралдарын пайдаланбай жүзеге асырылатын жеке деректерді өңдеу жеке деректердің әрбір санатына қатысты жеке деректерді (материалдық жеткізгіштерді) сақтау орындарын айқындауға болатындай етіп жүзеге асырылады. Оператор жеке деректерді өңдейтін немесе оларға қол жеткізе алатын тұлғалардың тізбесін белгілеген. Әртүрлі мақсаттарда өңделетін жеке деректерді (материалдық жеткізгіштерді) бөлек сақтау қамтамасыз етіледі. Оператор жеке деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және жеке деректерге санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбайтын шараларды қабылдайды.
- Автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке деректерді өңдеу мынадай әрекеттерді орындау шартымен жүргізіледі:
– Оператор жеке деректерге санкцияланбаған қол жеткізуді және (немесе) оларды мұндай ақпаратқа қол жеткізу құқығы жоқ тұлғаларға беруді болғызбауға бағытталған техникалық іс-шараларды жүргізеді;
– қорғаныш құралдары жеке деректерге санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауға бапталған;
– жеке деректерді автоматтандырылған өңдеудің техникалық құралдары олардың жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін әсерге жол бермеу мақсатында оқшауланған;
– Оператор жеке деректерге санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан өзгертілген немесе жойылған жеке деректерді дереу қалпына келтіру мүмкіндігі болуы үшін деректерді резервтік көшірмелейді;
– жеке деректердің қорғалу деңгейін қамтамасыз етуге тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
- Жеке деректерді өңдеуге белгілі бір рұқсат беру рәсімінен өткен қызметкерлер ғана жіберіледі, оған мыналар жатады:
– қызметкерді жеке деректермен жұмыс істеу тәртібі мен рәсімін реттейтін жергілікті нормативтік актілермен қолхат арқылы таныстыру;
– қызметкерден жеке деректермен жұмыс істеу кезінде оларға қатысты құпиялылықты сақтау туралы қолхат алу;
– қызметкердің жеке деректерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қол жеткізудің жеке атрибуттарын алуы және жұмыста пайдалануы. Бұл ретте әрбір қызметкерге еңбек міндеттерін орындау үшін ең аз қажетті жеке деректердің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу құқықтары беріледі.
Жеке деректерге қол жеткізуі бар қызметкерлер нақты еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жеке деректерді ғана алады.
- Жеке деректер қағаз және электрондық түрде сақталады.
- Жеке деректерді сақтау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету және оларға санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар сақталады.
Оператордың негізгі құқықтары мен міндеттері
- Оператордың құқығы бар:
– Жеке деректер субъектісінен жеке деректерді қамтитын анық ақпаратты және/немесе құжаттарды алуға және оларды осы Саясатқа сәйкес өңдеуге.
- Оператор міндетті:
– Оператордың жеке деректерді жинау, өңдеу және қорғауға қатысты саясатын айқындайтын құжаттарды бекітуге;
– жеке деректерді өңдеуді ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастыруға;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке деректерді қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға және сақтауға;
– Жеке деректер субъектісіне оның өтініші бойынша оның жеке деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты ұсынуға;
– ҚР жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын сақтауға;
– ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
Жеке деректер субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері
- Жеке деректер субъектілерінің құқығы бар:
– Операторда өз жеке деректерінің бар екенін білуге, сондай-ақ мыналарды қамтитын ақпаратты алуға: жеке деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсаттарын, көздерін, тәсілдерін растауды; жеке деректердің тізбесін; жеке деректерді өңдеу мерзімдерін, оның ішінде оларды сақтау мерзімдерін;
– жеке деректері толық емес, өзекті емес, дәл емес, заңсыз алынған жағдайда Оператордан өз жеке деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
– жеке деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда Оператордан өз жеке деректерін бұғаттауды талап етуге;
– жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген өз жеке деректерін жоюды, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда Оператордан талап етуге;
– жеке деректерді жинауға, өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға;
– Операторға өз жеке деректерін жеке деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде таратуға келісім беруге (бас тартуға);
– өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде моральдық және материалдық зиянды өтетуге;
– осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
- Жеке деректер субъектілері міндетті:
– Операторға өзі туралы анық деректерді, сондай-ақ олардың өзгерістерін (нақтылауларын) ұсынуға;
– Операторға өз жеке деректерінің өзгерістерін (нақтылауларын) уақтылы ұсынуға.
Тараптардың жауапкершілігі
- Оператор ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жеке деректерді қасақана жария еткені үшін жауапты болады, қолданыстағы заңнамада, сондай-ақ осы Саясаттың 21-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
- Жеке деректер жоғалған немесе жария етілген жағдайда, егер Жеке деректер:
– жоғалғанға немесе жария етілгенге дейін жария игілікке айналған болса;
– Пайдаланушыдан алынғанға дейін үшінші тараптан алынған болса;
– www.imbir.kz Сайтының (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінің) файлдарына санкцияланбаған қол жеткізу арқылы үшінші тұлғалармен алынған болса;
– Пайдаланушының келісімімен жария етілген болса, Оператор жауапты болмайды.
- Операторға өзі туралы анық емес деректерді немесе басқа Жеке деректер субъектісі туралы мәліметтерді соңғысының келісімінсіз ұсынған тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Дауларды шешу
- Осы Саясатқа және Саясатты қолдануға байланысты Пайдаланушы мен Оператор арасында туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуға тиіс.
- Барлық ықтимал даулар Оператордың тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуге жатады. Сотқа жүгінер алдында Пайдаланушы міндетті сотқа дейінгі тәртіпті сақтап, Операторға тиісті талап-арызды жазбаша түрде жіберуге тиіс. Талап-арызға жауап беру мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
Қорытынды ережелер
- Оператор өз қалауы бойынша осы Саясатқа (толық немесе бір бөлігінде) Пайдаланушымен қосымша келісім алмай, өзгерістерді немесе жаңартылған нұсқаны www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) жариялау немесе орналастыру арқылы өзгерістер енгізуге құқылы.
- Егер қандай да бір себептермен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
- Пайдаланушы Құпиялылық саясатының өзгерістерін өзекті редакциясымен танысу арқылы дербес қадағалауға міндеттенеді.
- Құпиялылық саясатына енгізілген өзгерістер, егер енгізілетін өзгерістерде өзге тәртіп көзделмесе, өзгертілген Құпиялылық саясаты www.imbir.kz Сайтында (оның бөлімдері мен қосалқы домендерінде) орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
